12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

Биыл елдегі инженерлік желілерді жөндеуге 1,1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі мәлімдеді. Аталған қаржның 759 млрд-ы құрылысқа кетеді. Қалғаны құрылыс заттарын алуға жұмсалмақ. Осылайша 2029 жылға дейін 12 мың шақырымнан астам желі жаңартылады.

¤

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

- Елдегі коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға шамамен 13 трлн теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржы 80 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөндеп, 250-ге жуық кәсіпорынды жаңғыртуға жеткілікті. Осылайша үкімет желілердің тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр. Яғни, қыста болатын апаттар едәуір азаяды деген сөз.

Асан Дарбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- 2025-2029 жылдарға жалпы инвестиция көлемін іске асыру 13 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 6 трлн 800 млрд теңге коммуналдық секторға, ал, 6 трлн 200 млрд теңгені энергетика секторына бағыттау жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек 2 мың шақырым желі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар, үкімет электр энергиясын өндіру көлемін арттыруды көздеп отыр. Мәселен, биыл қуаты 2 мың мегаваттан асатын жаңа энергетикалық нысандар іске қосылмақ.