11 мың шақырым жол жөндеуден өтпек
11 мың шақырым жол
қайта жаңартудан өтеді. Үкімет жоспарына сәйкес, оның 3,4 мыңы жаңадан салынса,
тағы 5 мың шақырым автомобиль магистралі күрделі және орташа деңгейдегі
жөндеуден өтуі тиіс. Жалпы елдегі автодәліздердің ұзындығы 95 мың шақырымға
жуық. Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар жолдардың 95 пайызын,
жергілікті жолдардың 92 пайызын нормативтік талаптарға сай жағдайға келтіру
жоспарланып отыр. Қазір Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы жол құрылысы
аяқталған. Ал Қызылорда – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын және Рахман қайнары
бағыттарында жөндеу жүріп жатыр. Бұл жолдарда көлік қозғалысын жыл соңына дейін
ашуға рұқсат берілуі мүмкін.