100-ден астам наркограффити жойылды

100-ден астам наркограффити жойылды

Атырауда тұрғын үйлер мен қараусыз қалған ескі ғимараттардың қабырғаларына салынған 100- ден аса наркограффити жойылды. Бұған қоса, есірткі жарнамалаған 100-ден аса сайт бұғатталды. Полицейлердің айтуынша, заңсыз жарнамаларды дер кезінде анықтап, жою – есірткі саудасының таралуына тосқауыл қоюдың бір жолы. Осы бағыттағы профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғаспақ.