1 млрд теңгенің инвестициялық жобасы іске қосылды
Батыс Қазақстан
облысындағы республикалық маңызы бар күре жолдың бойында алғашқы автогаз
толтыру компрессорлық станциясы іске қосылды. Сырым ауданына қарасты Жымпиты
ауылындағы кешенде жүргізушілер мен жолаушыларға сервистік қызмет те
көрсетіледі. Жоба Президенттің еліміздің транзиттік әлеуеті мен экологиялық
таза отын түрін қолдану үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асып
отыр. Оған жергілікті атқарушы орган өкілдері жан-жақты қолдау көрсетті.
Сырым ауданы тоғыз
жолдың торабында орналасқан. Жалпы құны 1 млрд теңгенің инвестициялық жобасы
сервистік инфрақұрылымды ғана емес, жасыл экономиканы дамытуға да оң әсер
етеді.